АҚШ банктерінің акциялары арзандап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ банктерінің акциялары арзандап барады

14.03.2023

АҚШ президенті Джо Байден елінің қаржы жүйесінің қауіпсіз екеніне қанша сендірсе де, дүниежүзі банктерінің акциялары құнсызданып жатыр. Нью-Йорк биржасындағы құлдыраудан кейін бүгін Азия мен Еуропада да осындай жағдай байқалып, қаржы ұйымдары жүздеген миллиард доллардан айрылды.

Соңғы мәліметке қарағанда, Германияның «Commerzbank», Испанияның «Santander», Жапонияның «Mitsubishi» мен «Topix» индекстері бірден 5-10 пайызға төмендеді. Өйткені, оларға да инвесторлардың сенімі сетінеп отыр.

Бұл тұрақсыздық Американың «Silicon vallaey» және «Signature» банктері күйрегеннен кейін басталды.

Корнелль университетінің профессоры Сәуле Омарованың ойынша, мұндай шара байбаламға жол бермеу үшін қажет болып отыр.

Сәуле Омарова, Корнель университетінің құқық профессоры:

Иә, бір жағынан түсінуге болады. Реттеуші орган банктерді бақылауға ала отырып, жаппай байбаламға жол бермеуді көздеді. Мұндай жағдайда жанталасты тоқтатудың бір ғана жолы осы. Үкімет біз осындамыз, банк жүйесі мен қаржы нарқы ақшасыз қалмайды деп айтуға тиіс.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу