ДДСҰ: Коронавирус пандемиясы биыл аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Коронавирус пандемиясы биыл аяқталады

14.03.2023

Коронавирус пандемиясы биыл аяқталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы осылай деп мәлімдеді. Тедрос Адханом Гебрейсустың айтуынша, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ковидке қатысты төтенше жағдай күшін жойды. Осыдан үш жыл бұрын COVID-19 дерті пандемия деп жарияланған еді. Гебрейсус: «Бұл кезеңнен алатын сабақтар көп. Олардың арасында денсаулық сақтау саласына, ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымаққа инвестиция салу зор маңызға ие» деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу