Теміртауда өрттен 7 адам зардап шекті. Бүгін түскі сағат 2-і шамасында бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде газ баллоны ашық қалып, соңы өртке ұласқан. Салдарынан іште болған 2 ересек адам денесінің 70-80 пайызын күйік шалған. Қазір олар жансақтау бөлімінде. Сондай-ақ, 5 баланы күйік шалған. Иіс тиген үшеуі қаладағы аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ендіі бірі Қарағандыдағы клиникаға жіберілді, ал бесіншісіне амбулаторлық ем көрсетілген. Пәтердегі өрт жарты сағатта сөндірілген.
Руслан Нұрланұлы