Астанада алимент төлемеген 19 мыңдай адамның берешегі 3,5 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы полиция, прокуратура, Әділет министрлігі өкілдері мен сот орындаушылары қатысқан ведомствоаралық жиында айтылды. Статистикаға жүгінсек, соңғы екі жылда сот шешімін орындамағандарға қатысты 129 іс қозғалған. Алайда оның 32-сі ғана сотқа жетіп, 87-сі түрлі себеппен қысқарыпты. Бұған бекітілген бұйрықтың талаптарын дұрыс орындамау себеп болған.
Фархат Иманғалиев, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқарма бастығының орынбасары:
Қылмыстық істерді қозғамау немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастамаудың ең бірінші себебі жеке сот орындаушылармен бірлескен бұйрыққа қатысты құжаттарды толық ұсынбау болып табылады. Оның ішінде алты біндетті түрде толтырылатын құжаттар бар.Сол құжаттарды полиция органдарына жолдаған кезде полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға міндетті.
Серік Селеубай