Шымкентте 7 кәсіпорын жұмысын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 7 кәсіпорын жұмысын тоқтатты

06.03.2023

Шымкентте қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 7 кәсіпорынның жұмысы соттың шешімімен тоқтатылды. «Ордабасы» және «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан өндіріс орындарының кемшіліктері сол маңға жақын қоныстанған тұрғындардың шағымынан соң анықталды. Енді олар өндірістік технологиясын жетілдіргенге дейін іске қосылмайды. Жалпы өткен жылы шаһардағы кәсіпорындарда экологиялық талаптарды бұзудың 161 дерегі тіркелген. Олар табиғатқа 33 мың тоннадан астам зиянды қалдық тастаған.

Берік Сәтенов, Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы:

Департамент тарапынан 2022 жылдың 12 айында индустриалды аймақтардағы 18 кәсіпорынға тексеру жүргізіліп, жалпы соммасы 58 миллион теңгеден астам 48 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш тексеру бойынша 2 есе, айыппұл бойынша 4 есе артқан.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу