Шымкентте 6 мектеп карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 6 мектеп карантинге жабылды

03.02.2021

Оқушылар арасында індеттің өршуіне байланысты Шымкент қаласында 6 мектеп карантинге жабылды. Оның бесеуі - жалпы білім беретін орта оқу орындары, ал алтыншысы - Назарбаев зияткерлік мектебі. Бұл білім ошақтары 2 аптаға жұмысын тоқтатты. Ғимарат ішінде індетке қарсы дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Жалпы жыл басынан бері шаһарда 19 оқушы кесел жұқтырған. Ал оқу жылы басталғалы Шымкентте 64 оқушы коронавирусқа шалдыққан. Індеттің қайта белең алуына байланысты қала мектептері қазір эпидемиологиялық қатаң бақылауға алынды.  

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу