Үлкен жиырмалықтың Үндістанда өткен саммиті нәтижесіз аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үлкен жиырмалықтың Үндістанда өткен саммиті нәтижесіз аяқталды

03.03.2023

Үлкен жиырмалықтың Үндістанда өткен саммиті нәтижесіз аяқталды. Тараптар Украина мәселесіне қатысты ортақ шешімге келе алмады. Жиында қарулы қақтығыспен бірге Қытайдың жаһандағы ықпалының артуына да басты назар аударылды.

Кездесу «Үлкен жиырмалық» елдері сыртқы істер министрлерінің қатысумен өтті. Ресми Делидің мәлімдеуінше, жиналғандардың пікірі бір жерден шыққанда, ұжымдық мәлімдеме қабылданған болар еді.

Айта кетерлігі, тараптар дамушы елдердің мүддесін талқылауда ауызбіршілік танытты. Олардың қатарында азық-түлік пен энергетикалық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, гендерлік саясат және лаңкестікпен күрес мәселелері бар.  

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу