Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Павлодарда көшпелі семинар өткізді. Жергілікті сайлау комиссиясы төрағаларымен кездесуде алдағы саяси науқанға дайындық талқыға түсті. Комиссия мүшелеріне қойылатын талап - дауыс берушінің де, кандидаттардың да құқықтарының бұзылуына жол бермеу. Аймақ бойынша 595 үміткер тіркелді. Орта есеппен бір мандатқа үш адам таласады.
Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Биылғы компанияны ұйымдастыруда жаңашылдық көп. Сондықтан біз барлық аймақтарды аралаймыз. Негізгі мақсатымыз дайындық пен жабдықталуды көру. Екіншіден, дауыс беруден бастап бюллетень санауға дейінгі сайлау ашықтығын қамтамасыз етуге үйретеміз.
Болат Аманбаев