Петропавлда волонтерлар қала көшелерін тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық бауырсақ таратты. Күн-түн демей, қолайсыз ауа райына да қарамай еңбек ететін коммуналдық мекеме қызметкерлері үшін бауырсақты жастар өздері пісірген. Оларға ыстық шай да ұсынды. Коммуналдық кәсіпорында 120-дан астам жұмысшы еңбек етеді.
Ербол Қожахметов, жұмысшы:
Көктайғақ болады, көліктер жүре алмайды. Боран болса, жүре алмай қалады. Кісілер жүретін көше бойындағы тратуарларды тазартамыз. Таңертеңнен кешке дейін қаланы тазалаймыз.
Әнел Есмағұлова, ерікті:
Олардың жұмыстары оңай емес. Күндіз біз оқуда жүрсек, түнде ұйықтап жатсақ, олар еңбек етіп, өздерінің қызметтерін атқарып жатады. Көп адамдар олардың жұмыстарын бағалай бермейді.
Эльмира Кәленова