Павлодар облысында 43 елдімекенді су басуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 43 елдімекенді су басуы мүмкін

28.02.2023

Павлодар облысында күн күрт жылынса 43 елдімекенді су басуы мүмкін. Сондықтан жалпы саны 11 мыңнан аса тұрғыны бар елдімекен аумақтарында қазір тасқынның алдын алу шаралары жүріп жатыр. Ақтоғай ауданында арнайы жұмыс кестесі жасалып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қажет болса тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріледі. Қазір 4 ауыл ерекше бақылауға алынды.

Қуат Асылханов, Ақтоғай аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

Қар шұғыл ерісе, Шұға, Шілікті және Жалаулы ауылдарына қиындау болады. Өйткені ойлы жерде тұр. Ал Сілеті су қоймасына қарғын су шамадан тыс құйылса,  Шолақсар ауылын басып қалуы мүмкін. Сондықтан біз қажетті техника мен 20-ға тарта адамды шұғыл әрекет жасауға дайындап қойдық. 


Хабарламаларға жазылу