Түркістан облысының Бәйдібек ауданында аңшы жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында аңшы жоғалып кетті

28.02.2023

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында аңшы жоғалып кетті.

Іздеу жұмыстары 4 күн бойы Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жердегі Арыстанды өзені мен жағалаудағы қамыс арасында жүріп жатыр. Себебі ол соңғы рет қасында болған досына осы аумақтан қоңырау шалып, адасып қалғанын айтқан. Ер адамды іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Оларға жергілікті тұрғындар да көмектесіп жатыр. Алайда әзірге нәтиже жоқ. Бүгін құтқарушылар сол аумақты дронмен әуеден де шолып шықты.

Ерік Сарыбаев, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

Іздестіру жұмыстары өте қиын жағдайда өтуде. Біріншіден бұл жағалаулары және өзеннің, көлдің ішкі жағында көптеп орналасқан жыңғыл ағаштарының және бұталарының көптігі, сонымен қатар қамыстарының көптігі және де адамның жүріп тұруына асты лайлы балшық болғандықтан жүруі қиын болып жатыр.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу