Алматы облысында топырақ көшіп, екі үйді басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында топырақ көшіп, екі үйді басып қалды

28.02.2023

Алматы облысында топырақ көшіп, екі үйді басып қалды. Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, көшкін Талғар ауданына қарасты «Бурабай» коттедж қалашығында болған. Екі күн қатарынан жауған қар аралас жаңбыр салдарынан үйге жақын орнатылған бетон қабырғалар зақымданды. Батпақ баспана ішіне дейін кіріп кеткен. Тау қыртысы жылжыған кезде үйдің ішінде жасөспірім ұйықтап жатқан. Абырой болғанда адамдар аман. Қазір құтқару қызметінің және «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу