Сайлау бюллетеньдерінің формасы өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау бюллетеньдерінің формасы өзгерді

27.02.2023

Сайлау бюллетеньдерінің формасы өзгерді. Алдынғы саяси науқандарда дауыс беру парағы А4 форматында болса, бұл жолы А5 қолданылады. Өйткені сайлау мажоритарлы жүйемін өткізіледі. Тиісінше, өзін-өзі ұсынған кандидаттардың саны басым болады.

Орталық сайлау комиссиясы бүгін бюллетеньдердің үлгісін де бекітті. Сайлау күні облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың дауыс берушілеріне 5 бюллетень беріледі. Біріншісі – Мәжіліс сайлауына түсетін партиялар тізімі. Түсі – көгілдір. Мәжіліске бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің кандидаттары бар – жасыл бюллетень.

Мәслихат депутаттары сайлауына түсетін партиялар тізімі – қызылкүрең. Мәслихат сайлауына облыс, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан мажоритарлық жүйемен түсетін кандидаттардың бюллетень түсі – қызғылт сары және сұр. Барлық дауыс беру парақшасында «бәріне қарсымын» бағанасы бар.

Биылға сайлауға 12 миллионнан аса адам қатысады деп жоспарланған.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу