Павлодар облысының төрт ауданында құтырма ауруы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының төрт ауданында құтырма ауруы анықталды

27.02.2023

Павлодар облысының төрт ауданында құтырма ауруы тіркелді. Қауіпті кеселге Ертіс және Железинка ауданында ірі қара шалдыққан. Ал Май мен Ақтоғайда иттерден анықталды. Бұл аудандар бір-бірінен алшақ жатыр. Сала мамандарының пайымдауынша, үй жануарларына құтырма аң-құстан жұққан. Уақытша карантин жарияланды. 

Болат Аманбаев 

Хабарламаларға жазылу