Маусым айының 4-і мен 6-ы аралығында бас шаһарда оперетталар мен мюзикл жанрының майталмандары өнер көрсетеді.
Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев мәлімдеді.
Оның айтуынша, IV Халықаралық өнер фестивалін «Оперетта кеші» атты бағдарламасымен Дариға Назарбаева бастап, Сүндет Байғожин, Андрей Трегубенко секілді танымал әртістер жалғастырады.
Ләззат БЕКТАС