Финляндия елордада виза орталығын ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финляндия елордада виза орталығын ашады

24.02.2023

Финляндия Астанадағы өз елшілігі жанынан Орта Азия елдерінің азаматтарына қызмет көрсететін виза хабын ашады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі Вилле Скиннаридің кездесуінде айтылды. Финляндия - Солтүстік Еуропа мемлекеттері арасында экономикамызға ең көп инвестиция әкелген елдердің бірі. Президент фин кәсіпкерлерінің Қазақстанға қаржы құюына барынша қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Вилле Скиннари ынтымақтастықты кеңейтуге әлеует мол екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан мен Финлянлияның өзара ықпалдастығын нығайтуға бағытталған сапарыңыздың маңызы зор. Өз басым серіктестігімізді одан әрі дамытудың мүмкіндіктері мол деп ойлаймын. Финляндия Президентіне дұғай сәлем айтыңыз және біз оның Қазақстанға келуін күтіп отырғанымызды жеткізе барыңыз. Соңғы рет 2019 жылы Нью-Йоркте БҰҰ-дағы бас ассамблеядағы кездесуіміз жылы естеліктерге толы болды. Әріптестігіміздің аясын кеңейту мүмкіндіктері мол. Оның ішінде сауда, инвестиция мәселелері бар. Сондықтан бұл жолғы сапарыңыздың мәнісі зор деп білемін.

Вилле Скиннари, Финляндияның сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі:

Президент мырза екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге атсалысып жатқан Үкімет басшысы мен министрлерге зор алғысымды білдіргім келеді. Президент Саули Ниинистьё атынан сәлем жолдаймын. Ол кісіге сізбен кездесетінім туралы айтанымда қуанып қалды. Қазіргідей геосаяси жағдайда сыртқы саясатты жүргізудегі қарым-қабілетіңіз бен еңбегіңізді жоғары бағалаймыз.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу