Автосақтандыру саласына сараланған тариф енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автосақтандыру саласына сараланған тариф енгізіледі

23.02.2023

Автосақтандырушылар бірқатар өңірлерде жол көлік апаты жиі болатынын айтады. Сондықтан тариф өсуі мүмкін. Мәселен мамандардың айтуынша, өңірлік залал коэфициенті Солтүстік Қазақстан облысында 20 пайызды құраса, Астана қаласында 61 процентке дейін жетеді. Сондықтан елімізде автосақтандыруға сараланған тарифтерді енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Мария Хаджиева, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:

Агенттіктің қаулысымен деректерді талдай отырып өңірлердегі апат болу статистикасына байланысты залал коэффициенттері белгіленетін болады. Мысалы, аймақта апат неғұрлым аз болса, сақтандыру тарифі соғұрлым төмен болады. Себебі соңғы 5 жылдағы статистика барлық аймақтарда шығын әртүрлі екенін көрсетеді.

Дархан Рахымжан


Хабарламаларға жазылу