АҚШ-тың батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында күн суытып, боран соғып, 50 миллиондай адамға сақ болу туралы ескерту жасалды. Сонымен қатар бүкіл елде 3500-дей әуе рейсі кейінге қалдырылды. Ал Миннеаполис пен көршілес Сент-Полда төтенше жағдай жарияланып, мектептер жабылып, мыңдаған бала қашықтан оқу режиміне көшірілді. Дакота, Колорадо, Вайоминг штаттарында да сабақ тоқтатылған. Дегенмен, зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.
Арыстан Рысбек