Оралда заңсыз алкоголь және темекі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда заңсыз алкоголь және темекі тәркіленді

23.02.2023

Оралда бір тонна заңсыз алкоголь мен 500-ден астам қораб темекі тәркіленді. Контрафактілік тауарды жедел-алдын алу іс-шара кезінде Полиция және экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері анықтады. 5 литрлік пластикалық бөтелкелерге құйылған 1 тонна акцизсіз алкоголь 33 жастағы азаматтың жүк көлігінен табылды. Тағы бір тұрғын 60 литрден астам спирттік өнімді жарты литрлік бөтелкелерге құйып алған. Сондай-ақ, екі азаматтан акцизі жоқ 513 қорап темекі таркіленді. Барлық фактілер бойынша тергеп-тексеру басталды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу