БҰҰ Бас Ассамблеясында Украина жөнінде арнайы сессия басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Бас Ассамблеясында Украина жөнінде арнайы сессия басталды

23.02.2023

Бірікккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Украина жөнінде арнайы сессия басталды. Қарулы қақтығыстың бір жылдығына арналған жиынды бас хатшы Антониу Гутерриш ашты.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының позициясы айқын: біз Украинаның егемендігін, тәуелсіздігін, бірлігі мен территориялық тұтастығын мойындалған халықаралық шекарада қолдаймыз», - деді Гуттериш.

Мұның алдында Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеме жасап, Бас Ассамблеяның Киев ұсынған резолюция жобасын қабылдайын деп отырғанын хабарлады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу