Президент Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевті қабылдады

22.02.2023

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Талғат Қалиевті қабылдады. Ол Президентке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық бірегейлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар саясаттанушы зерттеу орталықтарының қоғамдағы рөлі, мен атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Ал Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ұлттық құрылтайға байланысты пікір білдірді. Ол Тelegram желісінде:

«Ұлттық құрылтайдың құрамына елімізге белгілі қоғам қайраткерлері және сарапшылармен қатар, өңірлердегі азаматтық қоғамның белсенді өкілдері мүше боп кірді. Қазіргі уақытта Ұлттық құрылтай Мемлекет басшысының қоғам белсенділерімен және сарапшылармен арадағы тікелей диалогын орнатып, оны дамытып отыр. Сондай-ақ, былтыр желтоқсан айында «Quryltai» мобильді қосымшасы іске қосылды. Азаматтар бұл платформаға қоғамдағы өзекті мәселелер жөніндегі өз ойлары мен ұсыныстарын жолдай алады» деп жазды.



Хабарламаларға жазылу