Кубаның шығысында орман өрті қаулап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кубаның шығысында орман өрті қаулап барады

22.02.2023

Тілсіз жауды тоқтатуға өрт сөндірушілер күш салып жатыр. Алайда, бұл әрекетке қуаңшылық пен қатты жел кедергі келтіріп жатыр. Жан-жағын жылдам шарпыған жалын 150 гектар жасыл желекті күлге айналдырып үлгерген. 600-дей адамды қауіпсіз жерге көшірілді. Егер де сөндірілмесе, бұл өрт 8 жарым мың гектар аумақты алып жатқан ұлттық паркті жоюы мүмкін. Қаңтар айында «Бостандық аралында» осындай өрттің 80 ошағы анықталған. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу