Түркістан облысында балабақшаларға екі ай бойы қаражат бөлінбей қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында балабақшаларға екі ай бойы қаражат бөлінбей қалған

22.02.2023

Түркістан облысының Жетісай ауданында 163 балабақшаға жан басына шаққандағы қаражат төленбей қалған. Сөйтіп екі ай бойы тәрбиешілер жалақы ала алмай, бүлдіршіндердің тамағы мен басқа да қажеттіліктеріне керек ақша бөлінбеген. Кәсіпкерлер аудандық прокуратураға шағымданған соң тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде балабақшаларға тиесілі 667 млн теңге төленді.  

Мұхтар Әлжанов, Жетісай аудандық прокуратурасының прокуроры:
Қаржы дұрыс есептемеу салдарынан қаржы жетіспеушілік анықталған да, жетіспеушілік пайда болған. Прокуратураның араласуымен кейін облыстық деңгейде қаржы қарастырылып, ауданға бөлініп берілді. Соның нәтижесінде толық қаржы төленді.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу