«Алматы - Гүл қала» қалалық гүл фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы - Гүл қала» қалалық гүл фестивалі басталды

23.05.2015
«Алматы - Гүл қала» қалалық гүл фестивалі басталды

Алматыда «Гүл қала - 2015» қалалық гүл фестивалі басталды. Аталмыш шара биыл дәстүрлі түрде бесінші рет ұйымдастырылуда.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында өтіп жатқан шараның мақсаты - гүл өсіру дәстүрін жандандыру. Фестиваль аясында «гүлдер жәрмеңкесі», гүл өсірумен айналысатын компаниялар арасында байқаулар ұйымдастырылуда.

Биылғы фестивальде 70-тен астам компания өз өнімдерін жәрмеңкеге қойды. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарында нағыз гүлді ертегі жасады. Гүлден жасалған кілемдер, көздің жауын алатын мүсіндер көпшілікті таң қалдырды. Табиғи сұлулығы таңдай қақтыратын Алматы қаласының ажарына ажар қосты.

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу