Ақтөбе облысында жүк көлігі мен пойыз соқтығысты. Салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды.
Оқиға Хромтау ауданындағы Жазық бекетінде болған. Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, бірнеше жеңіл автомашинаны тиеген жүк көлігі Самара-Шымкент тасжолымен келе жатып, бағдаршамның тыйым салу белгісіне тоқтамаған. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, дәрігерлер жүргізушіні ажалдан арашалап қала алмады. Жүк көлігіндегі 4 автомашина да жарамсыз болып қалды. Қазір оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр.
Жақсыбек Кемал