Маңғыстауда үш жүзден астам сарбаз ЖОО-на түсе алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда үш жүзден астам сарбаз ЖОО-на түсе алады

20.02.2023

Маңғыстауда биыл әскери борышын өтеп шығатын 300 ден астам сарбаз, жоғары оқу орнына ұлттық бірыңғай тест тапсырмай-ақ оқуға түсе алады. Сол үшін қазірдің өзінде 40-тан аса университетпен екіжақты келісімге қол қойылған. Ақтау гарнизонында өткен кездесуде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев, әскери теңіз күштерінің матростарына білімді одан әрі жалғастырудың маңыздылығын түсіндірді. Ел бойынша осы жылға 3 мың грант бөлінген. Оған әскери даярлығы жоғары, тәртібі жақсы сарбаздар үміткер бола алады.

Мұқағали Балтабаев, матрос:

Сауалнама барысында әскери қызметшілердің несиелерінің кешірілуі мен мерзімді әскери қызметшілердің жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз тегін түсуі туралы сұрақтар қарастырылды. Біз мұндай пилоттық жобаның алғашқы сарбаздарымыз.Осындай жобалар біз секілді матростар үшін үлкен олжа.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу