Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентімен сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентімен сөйлесті

17.02.2023

Мемлекет басшысы Украина тарапының бастамасы бойынша президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары мемлекетаралық гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты Біріккен Ұлттар ұйымының Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу