Қарағанды облысында 150 елдімекенді су басуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 150 елдімекенді су басуы мүмкін

15.02.2023

Қарағанды облысында 150-ге жуық елдімекен мен 100-ге жуық автомобиль жолын су басуы ықтимал. Бұл аумақтарды қазір төтенше жағдай қызметі бақылауда ұстап отыр. Наурыз айында жағдай ушығуы мүмкін, сондықтан, тасқынның алдын алу шаралары әлсін-әлсін пысықталуда.

Тағы бір мәселе, облыстағы өзендердің кейбірі арнасынан асып тұр. Жыл сайын жағадағы елдімекендерді шайып өтетін Нұра өзенінде су көлемі биыл нормадан 1,5 есеге көп.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу