Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасымен кездесті

18.02.2018

Біз үшін жұмбақтау, көзден тасалау жүретін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы да осы аптада Ақордаға кіріп шықты. Кәрім Мәсімов Президентке комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімдеді. Алда Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері мен Мемлекет басшыларының кездесулері өтеді. Елбасы соның қарсаңында өңірлік қауіпсіздікті нығайтып, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізуде шетелдік әріптестермен өзара ықпалдастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу