Сирияда үйінді астында дүниеге келген нәрестені асырап алғысы келетіндер көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда үйінді астында дүниеге келген нәрестені асырап алғысы келетіндер көбейген

10.02.2023

Бірер күн бұрын зілзаладан кейін Сирияда үйінді астында дүниеге келген нәрестені құтқару сәтін көрсеткен едік. ВВС-дің хабарлауынша, ата-анасыз қалған Айя есімді сәбиді асырап алуға әлеуметтік желі арқылы мыңдаған адам ниет танытқан. Қазір Айя ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты.

Жалпы елде апат құрбандарының саны 3300-ден асты. Зардап шеккендерге гуманитарлық көмектің алғашқы легі кеше жеткен. Логистикалық қиындықтар мен жолдардың бұзылуына байланысты елдің солтүстік-батысындағы көтерілсішілер бақылауындағы анклавқа жүк көліктерін кіргізу мүмкін болмаған еді. Соңғы мәліметтерге сай, Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 22 мың 300-ге жетті. Олардың 19 мыңға жуығы Түркияда қаза тапқан.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу