Қазақстандық құтқарушылар Газиантепте үш топқа бөлініп жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық құтқарушылар Газиантепте үш топқа бөлініп жұмыс істеп жатыр

10.02.2023

Түркияның Газиантеп қаласында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар қасында біздің осы елдегі тілшіміз Айдос Әшімұлы да жетті. Дәл қазір бізбен байланысқа шықты.

Айдос Әшімұлы, тілші:

Дәл қазір мен Газиантеп қаласындағы қазақстандық құтқарушылар жұмыс істеп жатқан жерде тұрмын. Менің ту сыртымда біздің жігіттер үйіндіні аршып жатыр. Сегіз қабатты ғимаратты аршуға 15 адам жұмылдырылған. Бұған дейін де айтқанымыздай қазақстандық құтқарушылар Газиантепте үш топқа бөлініп жұмыс істеуде. Олардың арасында құтқарушылардан бөлек дәрігерлер, кинологтар да бар. Кеше түннен бері біздің құтқарушылар бел шешпей осы үйдің қирандыларын тазалап жатыр. Ал тағы бір топ кеше Хатайға аттанды. Хатайда жағдай бұл жақтан да қиын, дейді.

Айдос үйінді астында тірі адамдар бар ма? Ондай сүйінші хабар болмады ма?

Әзірге үйінді астында тірі адам бар ма, жоқ па белгісіз. Дегенмен құтқарушылар үміт үзбейді. Зілзаладан кейін төрт тәулік өтсе де құтқарушылар әлсін-әлсін тоқтап, үйінді астында біреу бар ма деп тың тыңдайды. Ал осы үйдің тұрғындары да үйінді астынан туыстарымыз аман есен шығып қалар деген үмітпен осы маңайда жүр. Тағы бір байқағанымыз маңайдағы көпқабатты үйлердің барлығы бос. Көп тұрғындар өздеріңнің автокөліктерінде қонып жатыр. Ондағы ойлары үйінді астынан бір жақынымыз шығып қалса маңайда болайық деген ниет.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу