Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады. Ол Түркияның зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі. Әрі Президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.
Досжан Маратұлы