19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына барлығы 14 мыңнан аса кандидат ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтылды. Мәжіліс сайлауына барлық жеті партия үміткерлер тізімін ұсынған. Ал, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мәслихат сайлауына қатысудан бас тартты.
Асылбек Данияр, тілші:
Күні кеше үміткерлерді ұсыну аяқталды. Ал, бүгіннен бастап Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркей бастайды. Жалпы, 14 мыңнан аса адам кандидаттыққа ұсынылғаны айтылды. Олардың 12 мыңнан астамы бір мандаттық округтар бойынша, яғни қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардан және өзін-өзі ұсынғандар. Қалғаны партиялық тізіммен ұсынылды. Партиялық тізім бойынша ұсынылғандар 69 мандатқа, мажоритарлық жүйеде ұсынылғандар 29 мандат бойынша додаға түседі. Партиялардық барлығы Барлығы жастар, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 30%-дан кем болмауы керек деген талапты сақтаған.
Асылбек Данияр