Сириядағы ахуал: Қаза тапқандар саны 2 600-ден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сириядағы ахуал: Қаза тапқандар саны 2 600-ден асты

08.02.2023

Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 600-ден асты. Мыңдаған адам жараланған. Марқұмдардың саны өсуі мүмкін. Мұнда жағдай өте күрделі. Ресми Дамасктің мәлімдеуінше, үкімет апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бар күш-жігерін жұмылдырып жатыр. Дегенмен зілзала 12 жылға жуық уақыт бойы азаматтық соғыстан көз ашпаған елдегі қиын ахуалды одан әрі ушықтырды. Онсыз да мұнда экономика күйреп, инфрақұрылым қирап, тырысқақ ауруы белең алған. Сирия аумағы үкіметтің және көтерісшілердің бақылауындағы зоналарға бөлінген. Құтқарушылар зілзала болған аудандардың бәріне бірдей жете алмай жатыр.

Бакер, Сирия тұрғыны:

Үстімізге ғимарат құлады. Бір отбасының 16 мүшесі болған еді. 13-і опат болды. Ағам, жасы 1-ден асқан жиенім құтқарылдық. Аллаға шүкір!


Хабарламаларға жазылу