Мемлекет басшысы мен Сыртқы істер министрлігіне рақмет. Бізді сырт елде, қиындық құрсауында қалдырмады. Түркияның Газиантеп қаласынан арнайы рейспен ұшып келген отандастарымыз осылай дейді. Олардың ел билігіне айтар алғысы шексіз.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, түрік еліне құтқарушыларды апарған ұшақ бос қайтпай, елге оралуға ниеттенген 18 адамды алып келген. Оның 16-сы қазақстандық, тағы 2 адам қырғыз азаматы. Қазақстандық кәсіпкер Асадулла Арыстанов Газиантепке жиырма екінші қаңтарда жұмыс бабымен барған. Кәсіпкер Иран мен Түркиядан тоқыма бұйымдарын, кілемдер әкеліп сатады. Төтенше жағдай кезінде қонақ үйде болған. Ғимараттың бесінші қабатқа дейін жарылғанын көріп шошыдым, дейді ол.
Асадулла Арыстанов, Қазақстан азаматы:
Жараланғандарды өз көзіммен көрмедім. Бірақ, адамдардың сол дүмпуден қорқып, жеңіл киіммен шығып кеткендерін өз көзіммен көрдім. Қыақа жейдемен, тіпті аяғына ештеңе кие алмаған. Мен мұндай жер сілкінісін бірінші рет көруім, өте қатты болды. Мемлекетімізге көп алғыс. Мен ертесіне консулдықтың сайтына кіріп, телефонға хабарласып едім, бірден жауабын беріп, әуежайға барыңдар деді.
Бұдан бөлек, таңертең Түркиядан 19 студент елге оралды. Оларға Сыртқы істер министрлігі мен елшілік қолдау көрсетті. Отандастарымыз алдымен Анкараға, одан кейін әуежайға жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтылған.
Дана Қайруллова , студент
Көмек Қазақстан Республикасының Анкара қаласындағы консулдық тарапынан жіберілді. Кеткісі келмеген адамдарға 5 жұлдызды қонақ үйге толығымен ақша төленіп, олар сол жаққа қонуға кетті. Ал қаладан кеткісі келетін адамдар автобусқа жиналып, бір топ болып, Анкара қаласына әуежайға кеттік.
Асылбек Данияр