Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті

08.02.2023

Өнермен өрілген ғұмыр. Елордада осындай атаумен Халық әртісі, ерекше дарын иесі, театр және кино әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына арналған жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Алғашқы таныстырылым Ұлттық мұражайда өтті. Онда Бикен Римованың өзі қолданған жеке заттары, марапаттары, әр рольде киген көйлектері мен фотосуреттері қойылған. Шараға сахнадағы әріптестері Меруерт Өтекешова, Асхат Маемиров, Гүлжан Әспетова сынды өнер иелері қатысып, естеліктерімен бөлісті. Күллі қазақтың мақтанышына айналған актрисаның шығармашылық жолын насихаттауға арналған көрме ақпан айының 28-не дейін созылады. Мәдени шара Бикен Римованың туған жері Жетсу облыстық музейінде қорытындыланады. 

Хабарламаларға жазылу