Respublica партиясы құжат тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Respublica партиясы құжат тапсырды

08.02.2023

Сайлауға 39 күн қалды. Партиялар Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырып жатыр. Бүгін де бірнеше саяси ұйым өткізеді

Шерхан Жамбылұлы, тілші

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына 4 партия құжатын тапсырған. Ал бірер сәт бұрын ғана желтоқсан айында тіркелген Республика партиясы құжаттарын тапсырды. Кәсіпкерлер мен блогерлер бастаған саяси ұйым Мәжіліске партиялық тізім бойынша 25 кандидат ұсынып отыр. Тағы 4 адам бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша бекітілген. Партия өкілдерінің сөзінше үміткерлердің орташа жасы – 35. Сонымен қатар сәлден соң Аманат партиясының өкілдері келіп құжаттарын тапсырады деп жоспарланып отыр. Бұл партия кешегі сьезінде Мәжіліске жалпы саны 119 кандидат ұсынған еді.


Хабарламаларға жазылу