Қызылорда облысында мұнай-газ кенішінде үш жұмысшы уланып, екі адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында мұнай-газ кенішінде үш жұмысшы уланып, екі адам көз жұмды

07.02.2023

Қызылорда облысында мұнай-газ кенішінде үш жұмысшы уланып, екеуі қайтыс болды. Бір адам ауыр хәлде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Қайғылы жағдай «Саутс Ойл» компаниясының өндірістік аумағында болған. Уланған үш адам сол жердегі қосалқы мердігер «Казспекторстрой» серіктестігінің мамандары. Әзірге олардың неден уланғаны белгісіз. Өлімге әкеп соққан оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама алынған. Жалпы аталған мекемеде 6 жұмысшы вахталық әдіспен еңбек еткен.

 Абдулла Арғынбаев, «Казспекторстрой» ЖШС өндірістік қауіпсіздік бөлімінің басшысы:
 Үшеуін үйлеріне қайтардық. Анализдерінің бәрі жақсы. Екі адам қайтыс болды. Біреуі реаницаияда жатыр. Жағдайы ауыр. Соған байланысты сараптама жүргізіліп жатыр. Неден қайтыс болғаны сараптамадан кейін белгілі болады.

Ә.Серікұлы

Хабарламаларға жазылу