«Байтақ» партиясы Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды. Жаңадан құрылған саяси ұйым мәжіліске тізім бойынша 18 үміткер ұсынып отыр. Ал өзін-өзі ұсынатын «Байтақ» өкілдерінің саны төртеу. Партия төрағасы алдағы сайлау кезінде 2 млн дауысқа ие боламыз деп сенім артып отыр.
Азаматхан Әміртай, «Байтақ» Жасылдар партиясының төрағасы:
Басында біз тізім бойынша 43 адам ұсынбақшы болдық. Бірақ белгілі субьективті жағдайлармен ол адамдардың кейбірі қатыса алмай қалды. Әрқалай жұмыс істеп отырып, осы 18 адамға тоқталдық.
Шерхан Жамбылұы