Атырауда Батыс Қазақстан облысынан арнайы келіп, жаңа туған нәрестесін саудалаған 32 жастағы безбүйрек ана ұсталды. Оның бұған дейін де бір баласын сатқаны белгілі болды.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Күдікті әйел бұл қылмысқа өткен жылы барған. Алдымен сәбиін сатып алатын адам іздеген. Ал әкесіне шақалақтың шетінегенін айтқан.
Сөйтіп, бала сатып алғысы келген екі адамды тапқан. Көбірек ақша ұсынған адамға баласын ұстатып жіберген.
Мейірім Ердәулет, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Батыс Қазақстан облысының азаматшасына қатысты қазіргі таңда Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1 бөліміне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Қазіргі таңда сот биологиялық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Жандос Темірғали