Алматыдағы Ұлттық кітапханада академик Оразалы Сәбденнің «Абай және қазақ болашағы» атты кітабының тұсауы кесілді.
Автор оқырманға өзінің 13 ойлы толғамын ұсынған. Сондай-ақ, кейбір экономикалық мәселелердің шешімі өз алыптарымыздың еңбектерінде жатқанын атап өткен.
Екінші бөлімде ұлы тарихи тұлғалар туралы нақты деректер топтастырылған.
Тұсаукесер рәсімінде зиялы қауым өкілдері пікірлерін білдіріп, кітаптың ұрпақ игілігі үшін аса қажет екенін атап өтті.
«Рухани құндылықтарымызды алға шығару керек. Ал, біз оны Абайдан табамыз. Абайдың Қара сөздері қазақ ұлтына, жалпы адамзатқа екі ғасыр бойы қызмет етіп келеді», дейді академик.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ