Ақтөбе облысында 20 ауылда су басу қаупі сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 20 ауылда су басу қаупі сейілді

06.02.2023

Ақтөбе облысында да мамандар су тасу қаупі бар 12 аумақты бақылауда ұстап отыр. Бұған дейін аймақта тасқын жүруі мүмкін 34 елді мекен бары айтылған еді. Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде жиырмадан аса ауылдан қауіп сейілді. Демалыс күндері облыс әкімі бастаған топ Мәртөк ауданын аралады. Қазан ауылындағы екі бөгеттің бірі жөнделген. Екіншісі енді қалыпқа келтіріледі. Сондай-ақ, су деңгейін реттеуге арналған құрылым жобасы да бар. Ал, Мәртөк пен Сарыжар елдімекенінің аумағында тасқынның алдын алуға арналған дуалдар салынды. Барлық ауылда қар шығару жұмыстары жүріп жатыр. Өзендердің деңгейін бақылауға арналған гидробекеттер де орнатылған. Облыс әкімі жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу