Үкіметте жолдардың жағдайын жақсарту шаралары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте жолдардың жағдайын жақсарту шаралары талқыланды

04.02.2023

Елімізде көлік көп жүретін автожолдарды ақылы ету бойынша жобалар жалғасып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. 1-кезеңде 5,5 мың шақырым республикалық жолдарда бейнебақылау камералары орнатылды. Байланыс антенналары мен өзге де құралдармен жабдықталған 100-ге жуық бақылау аркасы қойылған. 1,5 мың шақырым жол 2021 жылғы қараша айынан бастап ақылы болды. Бұл қаражат жол төсеміне күтім жасауға жұмсалады. Қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, ілеспе инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Үкімет басшысы жол желісін жаңғырту кезінде бейнебақылауды күшейтуге, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу