Солтүстік Қазақстанда мемлекеттік орган бизнеске кедергі келтірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда мемлекеттік орган бизнеске кедергі келтірген

03.02.2023

Солтүстік Қазақстанда мемлекеттік орган бизнеске кедергі келтірген.

5 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант ұтып алып, жылыжай салған кәсіпкер екі ай бойы нысанға жарық желісін тарта алмаған. Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының тұрғыны жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданды. Құзырлы орган өкілдері аудандық әкімдіктің сәулет бөлімі рұқсат құжаттарын еш негізсіз бермей келгенін анықтады. Мәселе оң шешімін тапты. Жоспарға сай жылыжай наурыз айында ашылады.

Биыл кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды. Басты мақсат – әкімшілік кедергілерді еңсеру.

Айдос Жүнісов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Қазіргі таңда шара қолдану туралы мәселеә қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ талдау әлі де жүргізілуге. Егер де қосымша осындай әкімшілік кедергілер болатын боса, онда шара қолдану мәселесі қосымша қаралатын болады.


Э.Кәленова

Хабарламаларға жазылу