Тасқыннан қатты зардап шеккен Сауран ауданының тұрғындары үйлеріне орала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқыннан қатты зардап шеккен Сауран ауданының тұрғындары үйлеріне орала бастады

03.02.2023

Тасқыннан ең қатты зардап шеккен Сауран ауданының тұрғындары біртіндеп үйлеріне орала бастады. Ағын суға шыдас бермей құлаған үйлер мен қора-қопсы жергілікті бюджет есебінен жөнделуі тиіс, деді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. 

Айнұр Ақбаева, тілші:

Сауран ауданына қарасты Бабайқорған мен Абай, Үлгілі ауылдарында қарғын су тоқтаса, Шаға елдімекенінде суды бұрып жатыр. Елдімекендерде 200-ге жуық аула судан тазартылып жатыр. Дегенмен тұрғындарға судың тоқтаусыз ағысынан баспаналарына кіру қиынға соғып тұр. Тасқын су ауладағы көмір мен қорадағы шөпті, азық-түлікті тегіс ағызып әкеткен.
Адалат Бабашева, Шаға ауылының тұрғыны:
 
Судың ағып жатқанына екі күн болды, тоқтайтын түрі жоқ. Бала-шағамыздың барлығын ағайын-туысқанға апарып тастағанбыз. Не істерімізді білмейміз. Үйдің алдын су басып жатыр. Үйдің ішіне кіре алмаймыз.

Айнұр Ақбаева, тілші:

Қазір су тасыған аумақтарда табиғаттың тосын мінезінен келген шығындарды есептеу басталып кетті. Жергілікті әкімдіктердің мамандары қанша үйге су кірген, қанша қора-жай құлағанын тізімге алуда. 

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу