«Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» - бұл қоғам қайраткерінің ел өткерген ескі емес, жаңа тарихты жинақтап жазған еңбегі. Табанды еңбек Тәуелсіздіктің тұғырлануын, Қазақстанның қалыптасуын, егемен ел іргесінің бекуін сипаттайды.
Қуаныш Сұлтановтың қуанышына ортақтасқан ақын-жазушылар еңбекке оң бағасын берді. Қаламдылар қауымының қатарында қоғам қайраткеріне деген ыстық ықыластарын, өлең шумақтарымен жеткізгендерде болды.
Ал, автор «Еңбегімде айтылған дүниеден гөрі айтылмаған дүние көп болды», - дейді. Себебі, бүтін бір елдің тарихын бір кітапқа сыйдыру мүмкін емес.
Шара аясында қоғам қайраткерінің еңбегіне Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің рецензиясы берілді. Одан бөлек, сақа саясаткер еңбегі өскелең ұрпаққа өнеге болар деген ниетпен Ұлттық кітапхана төрінен орын алды.
Айдана ҮСЕНБАЙ