Атырауда 560 студент ескі жатақханадан көшіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 560 студент ескі жатақханадан көшіріледі

02.02.2023

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау унверситетінің 560 студенті құлаудың аз-ақ алдында тұрған жатақханадан көшіріле бастады. Олардың арасында Өзбекстан мен Қытайдан келген жастар да бар. № 2-ші жатақхананың 5 қабатты ғимараты жарты ғасыр бұрын салынған. Осыдан 3 ай бұрын қабырғасы жарыла бастапты. Осы жағдай анықталған соң мемлекеттік сатып алу порталы арқылы техникалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге конкурс жарияланған. Тендерді жеңген мердігер мекеме аталған ақауды ағымдағы жөндеу жұмыстарымен жоюға болады деген. Алайда, көп ұзамай қабырғадағы ахуал ұлғайған. Бұдан соң тағы сараптама жасалып, мамандар ғимаратқа күрделі жөндеу қажет екенін айтқан. Осыдан кейін студенттер басқа жатақханаларға орналастырыла бастады. 

Ләйлә Қойшығұлова, Х.Досмұхамедов атындағы атырау университетінің проректоры:

Нақты қолымызға экспертизаның заключениесін аламыз. Бір айдың ішінде жасалса бір айдың ішінде, екі ай болса екі айдың ішінде ремонт жасап, сосын студенттерге хабарлама беремін.

Хабарламаларға жазылу