Франция астанасы Парижде зейнетақы реформасына қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты. Демонстранттарды тарату үшін тәртіп сақшылары көзді жасаурататын газ қолданған. Қала мэрияның мәліметінше, көшеге 87 мыңдай адам шықты. Сонымен қатар, осындай наразылық акциялары Лион, Марсель тәрізді өзге де қалаларда өтті.
Президент Эмманюэль Макрон азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке көтеруді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, бұл өзгерістің зейнетақы қорын күйреуден сақтауда өмірлік маңызы зор. Ал, кәсіподақтардың сөзінше, зейнет жасына жеткен адамдар үшін ауыр жұмысты тағы екі жыл атқару оңай емес.
Филиппе Мартинес, CGT кәсіподағының жетекшісі:
Премьер-министр бұл реформаның әлеуметтік әділеттілікке қатысты екенін айтады. Бірақ, тоқыма өнеркәсібінде, азық-түлік және ауыл шаруашылығы салаларында, ауруханаларда жұмыс істегенде, ауыр еңбектің не екенін ұғасыз. Ал, сол жұмысты тағы екі жыл артық атқарудың шындығын басшылықта отырғандар жақсы білмейтін тәрізді.
Арыстан Рысбек