Испанияның теңіз сақшылары Канар аралдарының маңында апатқа ұшырауға жақындаған бірнеше қайықтан 171 мигрантты құтқарып алды. Олардың ішінде әйелдер мен балалар бар.
Жалпы алғанда, жыл сайын Африкадан Еуропаға жақсы өмір іздеп, мыңдаған адам аттанады. Ал, Канарға қаңтардың ортасына дейін қайықпен 400-ге жуық босқын барған. Дегенмен, мұндай сапарлар әрдайым сәтті аяқталмайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, «Қарт құрлыққа» теңізбен жол тартқандар түрлі жағдайларға тап болып, жыл сайын мыңдаған адам қаза табады.
Арыстан Рысбек