Жетісу облысында ауылды жерлердегі әйелдерді әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту шаралары өз нәтижесін бере бастады. Өткен жылы 8 мыңнан астам нәзік жанды тұрақты жұмысқа орналасты. Ал биыл 800 адамды қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға жіберіп, 8,5 мың тұрғынды субсидияланатын жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Сарыөзек ауылындағы бұл шағын тігін фабрикасы былтыр қарашада ашылды. 20-ға жуық әйелді тұрақты жұмыспен қамтыды. Басым бөлігі көпбалалы аналар. Арасында үйлерінде айлап, жылдап бос отырып қалғандар бар.
Назым Шәріпқызы, тігінші:
Мен өзім 15 жыл үйде жұмыссыз отырдым. Бала тәрбиесі бар. Үйдің тіршілігі дегендей. Құр үйде бос отырғаннан гөі екі қолға бір күрек дейді ғой. Жақсы, жылы, таза жерде жұмыс жасап отырмыз. Өзіме ұнайды, рахмет!
Өздеріне ұнайтын іспен айналысқан қыз келіншектер қазір еліміздің медициналық мекемелерінің тапсырысын орындау үстінде. Бұған дейін біраз өнімін Ресейге де экспорттап үлгерген.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Тігін цехында қазір негізінен осындай бір реттік медициналық халаттар тігіліп жатыр. Бір халатты тігу үшін шамамен 5-6 минут кетеді. Сонда әр тігінші күніне 100-ге дейін халат тігіп шығарады.
Жұмысшылар жалақысы күнделікті өнім көлеміне қарай төленеді. Сондықтан тігіншінің әрқайсысы еңбек өнімділігіне ұмтылыс жасауға тырысып бағуда. Қолдары әбден машықтанғаннан соң басқа да киім түрлеріне тапсырыс алатын болады.
Анар Қыстаубаева, тігінші:
Жоспарда комбинизондар, нешетүрлі спецовкалар, қыстықтары, жаздықтары, сондай нәрселерді бізде еңгізу жоспарда бар. Жақын күндері ол да бізге келеді деп ойлаймын.
Өткен жылы Жетісу облысында 600-ден астам қайтарымсыз грант берілсе, оның 60 пайыздан астамын әйелдер қауымы жеңіп алған. Биыл да бизнес идеяларды жүзеге асыруға 600-ге жуық грант тарату жоспарланған. Басты баымдық нәзік жандыларға берлімек.
Қуаныш Қанатұлы